Мәзір Жабық
Шығарылатын өнім
1
Шығарылатын өнім

Физикалық-химиялық және көлемдік-құрылымдық қасиеттері бойынша тас көмірлі жартылай кокс және орташа температуралы кокс аталған өндірістерде дәстүрлі қолданылатын типтік «кокс жаңғағымен» салыстырғанда елеулі артықшылықтарға ие:

  • t 1000 ⁰С болғанда СО₂ бойынша анағұрлым жоғары реакциялық қабілеті, бұл электротермиялық өндірістерде жартылай коксты пайдаланудың жоғары экономикалық тиімділігін анықтайды;
  • Төмен күлділік және тиісінше, тіркелген көміртегінің жоғары мөлшері;
  • Анағұрлым жоғары меншікті электр кедергісі процесс температурасының барлық диапазонында ферроқорытпа шихтасының электр кедергісінің артуына ықпал етеді және пешмойындық аймақта жылу бөлінуінің төмендеуіне, электродтардың терең отыруын қамтамасыз етеді, бұл пештің өнімділігін арттыруға және әсіресе қожсыз процестер үшін электр энергиясының шығынын төмендетуге ықпал етеді.
2
Бүгінгі таңда "Евромет" ЖШС кәсіпорны келесі базалық сапа сипаттамаларына ием орташа температуралы кокс өндіреді:

рқ
Көрсеткіш атауы Көрсеткіш мәні
Күлділігі 30%-ға дейінгі кокс Күлділігі 25%-ға дейінгі кокс
1 Фракция, мм 5-20
5-40
5-20
5-40
2 Құрғақ күйге күлділігі ,  А ͩ, % 30,0 артық емес 25,0  артық емес
3 Жұмыс жағдайындағы жалпы ылғалдың салмақтық үлесі, W ͬ ₜ, % 10,0  артық емес 10,0  артық емес
4 Ұшатын заттардың құрғақ күлсіз жағдайға шығысы, V ͩ ͣᶠ, % 3,0  артық емес 3,0  артық емес
5 Жалпы күкірттің жұмыс жағдайына салмақтық үлесі, S ͩ, % 0,6  артық емес 0,6  артық емес
6 Кокстың реакциялық қабілеті, К, см³/г*сК, см3г*с 2,44 2,44
3
Кокстың реакциялық қабілеті
Белгілі болғандай, өндірісте пайдаланылатын көміртекті қалпына келтіргіштер үшін сапа көрсеткішінен басқа:
1
Қатты көміртек құрамы;
2
ұшатын заттардың шығысы;
3
Минералды қоспалардың құрамы
4
Фракциялық құрамы.
4
  • Сондай-ақ меншікті электр өткізгіштігі және реакциялық қабілеті өте маңызды болып табылады.

 

  • Электрметаллургияда қолданылатын қалпына келтіргіштің сапасы оның электр өткізгіштігі төмен және реакциялық қабілеті көп болған сайын соғұрлым жоғары болады..

 

  • Біз шығаратын өнімнің реакциялық қабілетін анықтау «Көмір» ҒЗО Қарағанды ғылыми-зерттеу орталығында сертификатталған жабдықта жүргізілді.
5
Нәтижелері
"Евромет" ЖШС шығаратын орташа температуралы кокстың реакциялық қабілеті көрсеткішінің мәнін алып, оны көміртекті қалпына келтіргіштердің ұқсас көрсеткішімен салыстыруға мүмкіндік берді.

Алынған нәтижелер 1-кестеде көрсетілген.


пп
Өнім атауы Өлшем бірлігі, К Шамасы
1 Домналық кокс см.куб./г*с 0,1 – 0,2
2 Кокс жаңғағы см.куб./г*с 0,1 – 0,25
3 Мұнай коксы см.куб./г*с 0,12
4 «Евромет» орташа температуралы кокс см.куб./г*с 2,44
5 Д маркалы көмірден алынған арнайы кокс см.куб./г*с 4,78 – 5,57

1-кесте. Қалпына келтіргіштің реакциялық қабілеті (көмірқышқыл газынан уақыт бірлігіне қалпына келтірілген көміртегі тотығының мөлшері, соңғысының t 1000 ⁰Сдейін қыздырылған қалпына келтіргішпен байланысы кезде)

 

Өтінішіңізді жіберіңіз